Қарағанды. 18 қыркүйек. 7kun.kz – «Қазавтожол» РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры Г.Мұқанов пен орынбасары Е.Отаров «Ақжол ДС» ЖШС өкілдерінен 17 млн теңге көлемінде пара алды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұлттық бюросы хабарлады.
«Ақжол ДС» ЖШС өкілдері М.Ыбышев пен Б.Жақпаров «Қызылорда-Қарағанды-Павлодар» автожолының орындалмаған жұмыстарының құжатына қол қою үшін берген.
М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Г.Мұқанов және Е.Отаров ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024