Қарағанды. 17 қараша. 7kun.kz - Қарағанды облыстық соты тұтынушыларға 3 млрд теңге сомасында төлемді қайтару туралы «ЖезқазғанЭнергосбыт» ЖШС-ға қатысты шешімді күшінде қалдырды. Бұл туралы inform.kz жазды.
«Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2016 жылғы 1 қыркүйектегі шешімі өзгеріссіз қалды. «ЖезқазғанЭнергосбыт» ЖШС-ның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын», - деген қаулының қарар бөлігін Азаматтық іс жөніндегі апелляциялық алқа судьясы Лариса Хон оқыды. Қаулы жариялаған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Монополистпен айтыс-тартыс бір жылдан артық уақытқа созылды. «ЖезқазғанЭнергосбыт» ЖШС 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясына ҚҚС-сыз киловатына 19,34 теңге көлемінде тариф белгіледі. Бұл ретте көтерілген тариф монополистік органмен келісілмеген. Монополияға қарсы орган қызметкерлері ҚҚС-сыз киловатына 12,95 теңге көлемінде бекітілген тарифті қолдануды талап етті.
Компания өз есебі бойынша тұтынушыларға есеп қоюды жалғастырып, мемлекеттік органмен соттасуын жалғастыра берген. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті сотта монополистің іс-әрекетін заңсыз деп тануға қол жеткізді. Экономикалық сот компанияны тұтынушыларға артық төлемді қайтаруды міндеттеді. Есеп бойынша, негізсіз кіріс 3 млрд. теңгеге жуықты құрады. Компания Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Қаражал, Приозерск және бірқатар ауылдық жерлерді энергиямен жабдықтайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024