Қарағанды. 18 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылғы қаңтарда Қарағанды облысында өнеркәсіп өнімдері өндірісінің өсуі 6,1 пайызды құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Қаңтар айындағы деректер бойынша Қарағанды облысында 133,7 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 106,1%-ды құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда өндірістің өсімі өңдеу өнеркәсібінде – 9,2%-ға, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 2,5%-ға, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 27%-ға байқалды.
Өңдеу өнеркәсібінде қағаз және қағаз өнімдері – 43,5%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары – 25,2%-ға, негізгі фармацевтикалық өнімдер – 19,6%-ға, қара металлургия өнімдері – 15,1%-ға, тоқыма өнімдері – 11,8%-ға, негізгі бағалы және түсті металл өндіру – 6,3%-ға, машина мен жабдықтардан басқа дайын металл өнімдері – 1,9%-ға, тамақ өнімдері – 0,3%-ға, кокс 0,2%-ға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда түсті металл кенін шығаруда 8,1%-ға арту белгіленді.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда газ тәріздес отынды тарату көлемі – 3%-ға, бу беру және ауа баптау бойынша 1,9%-ға артты.
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда қалдықтарды жинау, өңдеу және жою көлемі - 26,6%-ға, суды жинау, өңдеу және тарату – 16,7%-ға, кәріз жүйесі – 12,5%-ға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер 4%-ға артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024