Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыдағы су тасқынынан жүзден астам жол мен 12 көпірге зақым келді

Қарағандыдағы су тасқынынан жүзден астам жол мен 12 көпірге зақым келді

Қарағандыда су тасқынынан жергілікті маңызға ие жүзден астам жолдар мен 12 көпір бұзылды. Бұл жөнінде жолаушы көлігі мен автокөлік жолдары жөніндегі облыстық басқарма хабарлады.

«Су тасқынының кесірінен облыстық инфрақұрылымға көптеген зиян келіп отыр. Соның ішінде, облыстық жол желісі мен автожолдардағы жасанды бөгеттер қирап жатып. 18 сәуірге дейінгі аралықтың өзінде жергілікті мәндегі 101 телімге, 84 су өткізетін құбырға және 12 көпірге зиян келген. Осыған байланысты облыстың 9 автокөлік жолдарындағы қозғалысқа шектеу қойылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. «Зақымдалған телімдер қиыршық тастармен толтырылып жатыр. Осыдан соң асфальттау жұмыстарына кірісеміз», - дейді облыстық басқарма.

Похожие материалы