Араб елдері терроризмге қатысы бар қайырымдылық қорларының тізімін жариялады
АЛМАТЫ. 8 маусым. 7kun.kz - Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн мен Египет терриоризмге қатысы бар деп 59 жеке тұлға мен 12 заңды тұлғаның тізімін жариялады.
Олардың қатарында Катардың қайырымдылық қорлары бар, деп хабарлады Сауд Арабияының мемлекеттік ақпарат агенттігі.
РИА Новостидің жазуынша тізімде 1995 жылдан бастап жұмыс істейтін шейх Ид Аль Танидің, әлемдегі ең ірі бес қайырымдылық қорының бірі - шейх Тани бен Абдалланың гуманитарлық көмек көрсету ұйымы бар.
Айта кетейік, 5 маусым күні Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн мен Египет «террористік топтарды қаржыландырғаны үшін» Катармен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген еді. Артынша оларға Йемен, Ливия, Мальдив, Маврикия, Комор аралдары қосылды.
Кеше күрделі мәселені шешу үшін катарға 24 сағат уақыт берілген. Алайда Катар эмиратының сыртқы істер министрі шейх Мохаммед бин Абдулрахмен аль-Тани Доха мәлімдеме жасап, талаптың орындалмайтынын байқатты. «Біз сыртқы саясатымыздың тәуелсіздігі үшін ешкімді ешқашан құрбандыққа шалмаймыз», - дипломат.
Дінмұхаммед Алдаберген
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024