Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Кеше «Sulpak Cinema» компаниясы және Cinemax кинотеатрлар желісі прокатқа сәуірдің 12-сінде шығатын отандық «Қараман» тылсым триллерінің алдын ала жабық көрсетілімін өткізді.
Фильм идеясының авторы - Марат Абдуллаев. Сценарий авторлары - Мейірмани Нұрлыбек пен Тимур Жақсылықов. Атқарушы продюсерлер - Ришат Әділбеков және Айдай Жамбоева. Жобаның бас продюсері - Мұрат Бекмұратов. Қоюшы-операторы - Қазбек Әмержанов, композиторы - Әбілқайыр Жарасқан, режиссеры - Дәстен Шәкіров.
Рөлдерді сомдағандар: Марат Абдуллаев, Дәстен Шәкіров, Мұрат Бекмұратов, Асан Мәжит, Марат Абай-Ділда, Ержан Нүсіпақынов, Филип Волошин, Мақсат Жақып, Райхан Айтқожанова және Жұлдыз Сапарғалиева.
Продюсерлер фильм түсірілімі туралы алғаш рет 2016 жылы сөз қозғаған. Сынамалы нұсқасының түсірілімі 2016 жылы күзде болған. 2017 жылы топ толықтырылған сценариймен және өзгертілген актерлік құраммен қайтадан түсірілімге кірісті.
Екінші түсірілім де 2017 жылы күзде басталды. «Қараман» Түрген, Ассы және Қайыңды шоқыларында түсірілді.
Авторлардың айтуынша, фильм 16 жастан асқан көрермендерге арналған.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024