"Еркін бөлісіп, тегін пайдалан". Америкалық TED конференциясындағы әңгімелесулердің құндылығы мен мәнін қысқаша осылай түсіндіруге болады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңа бастаған және ұзақ жолының жартысына жетіп үлгерген кәсіпкерлер бірнеше минут ішінде сергітіп, ой салып және тәрбиелеп үлгеретін лекцияларды бағалап үлгерді. 7kun.kz әрбір кәсіпкер көруі тиіс деп тапқан дәрістердің тізімін ұсынады.
Саймон Синек: "Ұлы тұлғалар ең үлкен мотивация көзі"
Саймон Синек кез-келген әрекет үшін маңызды "неге?", "қалай?" және "не?" деген 3 сұрақтың негізінде құрылған "Алтын сақина" тұжырымын түсіндіреді.
Синек тұжымырына бойынша, өндірушінің тұтынушы үшін ұсынатын өнімі немесе қызметін неге маңызды деп есептейтіндігі маңызды. "Неге" деген сұрақтың жауабын тапқаннан кейін ары қарай жылжып "қалай" және "не?" екенін де шешуге болады. Осы маңызды нәрсені назардан тыс қалдырып, істейтін әрекеттеріңіздің не үшін қажет екендігін анықтап алмасаңыз, мотивацияңыз да ұзақ мерзімге жарамсыз болып қала береді.
Сіз өзіңіздің шынайы мотивацияңызды анықтағанннан кейін (ал ол тек ақша табудан ғана құралмауы қажет) ғана сіз өзіңіздің командаңыз бен клиенттеріңізді де үлкен әрекеттерге итермелей аласыз.
Адамдар үшін жұмыстың жоспарына қарағанда себебі, мәні, мақсат және миссиясы қызығырақ.
Сара Льюис: "Жартылай жеңісті де" жақсы көруді үйреніңіз"
Сара Льюис шеберлік пен табыс деген ұғымдарға түсініктеме береді. Оның сөзінше, шеберлік - өз жетістігіңді қайта қайталай алу қабілетің. Ал ол бітпейтін сайыс дегенді білдіреді. Мәресі жоқ сайыс. Қол жеткізуі қиын, шаршатады бірақ бізге алға қарай жылжуға күш береді.
"Сәл ғана қалған еді" дейтін сәттер бізді ары қарай да жылжуға күш беруі қажет. Күміс медаль жаңа сайысқа түсуге себеп болуы тиіс.
"Жартылай жеңіс" алдымыздағы мақсатты айқындап алуға мүмкіндік береді.
Өз ісінің шеберлері, идеалдың шегі болмайтындығын түсінеді. Әрине, сізде ешқашан өз жұмысыңызға қанағаттанбауыңыз мүмкін. Әрдайым өсе түсетін, дами түсетін деңгей болады. Егер мәреге жетпейтіндігіңізге келіссеңіз, жаңа сайысты бастаңыз.
Сет Годин: "Өз идеяларыңызды қалай тарату керек"
Сет Годин — маркетинг данышпаны. Ол айтқан нәрселер соншалықты қарапайым болғанымен, "бұрын қалай білмегенмін" деп ойға қаласыз.
Мысалы, Годин мақсатты аудиторияға өте аз уақыт бөлінетіндігін атап өтеді. Тұрақты клиенттердің электронды поштасы спамға толған, сіздің оларға жіберетін хатыңыз да - кезекті пайдасыз хабарламалардың біреуі ғана.
Ендеше, клиенттермен қалай тиімді жұмыс істеу керек?
Дұрыс аудиторияны таңдап, өзгелерден ерекше болу қажет. Яғни тұтынушы назар аударатындай айрықша нәрсе жасау керек.
Ал дұрыс аудиторияны қалай таңдауға болады? Аудиторияның саны да маңыздырақ емес пе? Сет Годиннің сөзінше, маңызды емес. Оның орнына инноватор, әуесқойлар тобы мен консерваторлар тобын іздеуді ұсынады. Міне, дәл осы екі топтың ішінен өзгелердің ықпалынсыз жаңа тапқан өнімі немесе қызмет түрі туралы айтатын адамдарды табуға болады.
Олар сіздің "маркетинг бөліміңіз" болатын адамдар. Олар қоғамдық пікір қалыптастыратын компанияның дауысы болмақ. Олардың көмегі арқылы ең үлкен аудиторияға да қолжеткізуге болады.
Сіздің айтарыңыз бар ма? Ол өзгелермен бөлісуге лайық па? Сіздің өніміңіз немесе ұсынатын қызметіңіз қызықты болғандығы соншалық, адамдар түскі үзіліс кезінде ол туралы әңгіме айта ма? Егер дәл осындай дүниеңіз болса, бірінші инноваторлар мен консерваторларға жеткізіңіз. Олар арқылы бүкіл әлемге де таралады.
Билл и Мелинда Гейтс: "Байлығымызды тарату неге біздің өміріміздегі ең сәтті оқиға болды"
Әрине, мұндай мәлімдемені тыңдаған соң "менің де сонша ақшам болса, ойланбай таратар едім" дейтініңіз анық. Бірақ сіздің джекпот ұтып алғаныңыздың немесе айлықтан - айлыққа әзер өмір сүріп отырғаныңыз маңызды емес. Және басты нәрсе ақшада емес. Мейірімді істер жасауға әрдайым мүмкіндік бар. Ерлі-зайыпты Гейтс жақсылық жасаудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіреді.
Жаһандық масштабтағы өзгерістер кішкентай істерден басталады. Кәсіпкер болсаңыз, сіздің өзгелерге қарағанда мүмкіндігіңіз көбірек екенін ескеру керек. Сізге берілген сол сәттілікті, талантыңыз бен табиғи қабілетіңізді қатар пайдалансаңыз, барлығының қалай өзгеретіндігін байқайсыз. Алдымен ең қарапайымнан бастау қажет: өзгелерге мейірімді болыңыз. Бұл сізге теңдесі жоқ қанағаттану сезімін әкеледі.
Тағы бір есте ұстайтын нәрсе, байлықты өзіңізбен бірге алып кету мүмкін емес. Егер мұны Билл мен Мелинда Гейтс түсінетін болса, бізде түсіне аламыз. Ал енді сіз әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін өз табысыңызды риясыз көмекке құрбан етуге дайынсыз ба?
Дэвид Брукс: "Резюме үшін немесе мадақ үшін өмір сүру"
Дэвид Брукс әрбіріміздің ішіміздегі мәңгілік арпалыс туралы айтады. Оның сөзінше, мақсаттың екі түрі бар. Бірі - мақсатыңа жетіп, ақша мен байлықты иеленуге мүмкіндік беретін табыс деген ұмтылыс. Екіншісі - өзгелермен қарым-қатынас жасап, достық пен махаббат арқылы қолжеткізуге болатын өзіңді мойындатуға, танытуға деген ұмтылыс. Адам толыққанды тұлға болу үшін екі ұмтылыстың да маңызы зор дейді Дэвид Брукс.
Алайда кәсіпкерлер көбіне өзіңді мойындату деген мақсатқа назардан тыс қалдырады. Жеке табысты жоғары қоятын қоғамдағы түсінік қоршаған орта мен айналымыздағы адамдардың пікірін ұмыттырып жібереді.
Біздің жеке жетістікке де жетіп, жақындарымыздың да көңілін табуға да мүмкіндігіміз жете ме? Қаншалықты жиі табысты абыройдан жоғары қоямыз?
Маргарет Гулд Стюард: "Ірі веб-сайттар сіздер үшін қалай жұмыс істейді?"
Маргарет Гулд Стюард — портфолиосында әлемдегі ірі сайттардың жобасы бар дизайнер. Бірақ ол оқырмандарды ол сайтқа тек дизайн ғана тартпағанын түсінеді. Шығармашылығыңызда қай бағытта бұру үшін аудитория қалауын түсініп тұру қажет дейді ол.
Сайтқа кірушілердің саны - жалпы картинаның жартысы ғана. Жетістік үшін қажетті екінші жартысы - сапалы материал. Жобаны алғаш бастағанда оқырмандарды тартып қана қоймай, олардың пікіріне де құлақ аса білу қажет.
Оның түсіндіруінше, тұтынушының қай жерде екендігін де бақылап отыру қажет. Мысал ретінде Facebook дизайнын құрастырғандағы тәжірибесімен бөліседі. Смартфоны мен Wi-Fi бар жас аудиторияны ғана ойламау қажет дейді ол. Маргарет Стюард ауылды аймақтарда да тұратын, телефонын үнемі қуаттандырып үлгермейтін немесе интернет әрдайым бола бермейтін тұтынушыларды да ойлау керек.
Сондықтан жаңа өнімді шығарар кезде ол тұтынушының қалауы мен мүмкіндігі арқылы бағыт алып отыруға шақырады.
Ричард Сент-Джон: "Жетістіктің 8 құпиясы"
Бір шыны аяқ кофе дайындап алып, 3,5 минутқа созылатын видеоны зер сала қарап шығыңыз. Сент-Джонның лекциясы өз-өзіңізге сенуге күш береді.
Бұл TED Talk-те құнды кеңестер мен ерекше әзіл тамаша үйлесім таба білген. Сент-Джон жетістікке жетудің 8 ұстанымы туралы әңгімелейді. Видеоның бір ғана кемшілігі - тым тез бітіп қалады.
Әбдірахман Нұрай "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024