Әрбір қазақстандық ғимараттың өз сайты болады. "Қазпошта" осындай пилоттық жоба бастады деп жазылған оның Facebook-тегі парақшасында.
Сайтта коммуналды және апатты қызметтің нөмірлерін анықтап, хабарландыру орналастыруға, көршілермен байланысып, пәтерақысын төлеуге, сондай-ақ әкімдікке электронды хат жіберуге болады.
Үйдің сайты жаңа пошталық индекстер негізінде құрылады. Сайттың атау индекс.post.kz деген нұсқада болуы мүмкін.
Өз үйіңіздің сайтына өту үшін қажетті мекен-жайды енгізесіз. Осыдан кейін тіркеліп, "тұрғын" деген статусқа ие боласыз. Сайт контентін толтырумен әкімдік немесе ЖПҰ айналысады.