Экономика
Ардагерлердің Мәскеу мен Астанадағы шерулерге қатысуы үшін 61 млн теңге жұмасалады

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Мәскеу мен астанадағы шерулерге қатысуы үшін республикалық бюджеттен 61 миллион теңге қарастырылған деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыповаға сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.
"Мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Астанаға 270 соғыс ардагері келеді және 7 мамыр күні өтетін шеруге қатысады. Солардың ішінде алты ардагер, солармен қатар алты алып жүруші Қызыл алаңдағы шеруге қатысу үшін Мәскеуге ұшады. Осы мақсаттар үшін республикалық бюджеттен 61 миллион теңге қарастырылған", - деп мәлімдеді С.Жақыпова.
Вице-министрің айтуынша, бұл қаражат ардагерлердің келіп-кетуіне, тұруы мен тамақтануына жұмсалады.
"Қазіргі кезде біздің ардагерлер Мәскеуде "Золотое кольцо" қонақүйінде тұратындығы келісілді, билеттер брондап қойылған, барлық дайындық іс-шаралары жүрігізіл бітті", - деді вице-министр.