Армения ЕЭО-қа қосылғаннан кейін Еуроодақ елдері мен Парсы шығанағы, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістан елдерін байланыстыратын маңызды транспорттық түйінге айналуы мүмкін. Бұл туралы халықаралық "Интеграция-дағдарыстан шығудың мүмкіндігі мен жаңа жолдары" атты экономикалық форум кезінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) министрі Ара Нранян мәлімдеді.
"Арменияның Еуразиялық эконномикалық одаққа қосылуы Еуроодақ пен Парсы шығанағы, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістан елдерін байланыстыру бағытындағы үлкен серпілістердің бірі болды, - деді ЕЭК министрі. - ЕЭО алдағы уақытта қандай преспективаларға қол жеткізетінін білу үшін картаға көз салудың өзі жеткілікті. Ресей-Грузия-Арменя-Иран бағыттарын қосу арқылы жылдам, тұрақты транспортты хабарламаға қол жеткізе аламыз", - деп мәлімдеді ол.
Аран Нранянның сзінше, бүгінде Армения армян-иран шекарасы мен армян-грузин шекарасын байланыстыратын "Солтүстік-Оңтүстік" автомобиль жолының құрлысын бастап жатыр. Жоба құны миллиард доллардан асады, ел үкіметі мен Азиялық даму банкінің қаржыландыруы арқылы іске аспақ. Ұзындығы 556 шақырымнан асатын дәліз Қара теңізге жол ашып, әр жолауышыға 1 сағатта 2,5 доллардан, 1 тонна жүк тасымалдауға сағатына 1 доллардан үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоба 2019 жылы пайдалануға берілуі қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024