Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арнайы жолақпен жүрген жеке жүргізушілерге айыппұл салынады

Арнайы жолақпен жүрген жеке жүргізушілерге айыппұл салынады

15 маусымнан бастап Абай даңғылының бойындағы арнайы жолақпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады. Осы уақытқа дейін 15 күн ішінде заң бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Енді жолақтан өткен жағдайда 10 АЕК, яғни 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

«Оңтайландыру ережелерін бұзған жағдайда 5 АЕК, 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Арнайы жолақтарда тыйым салынған белгілер бар, ол жермен жүрген жүргізушілерге 10 АЕК немесе 20 мың теңге», - дейді Алматы қаласының әкімшілік полициясы басқармасының Нұрлан Алмазбеков арнайы жолақтардың ресми ашылуына арналған брифингте. «Абай даңғылының бойымен жүретін барлық автобустарда видеорегистратор орналастырылған. Заң бұзушылық байқалған жағдайда, барлық мәліметтер басқармаға барып тұрады. Заң бұзған жүргізушілердің жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар, Абай көшесінде біздің бес порталымыз болады. Қоғамдық көлікке кедергі келтірген жүргізушілер айыппұл тұрағына түседі», - дейді Нұрлан Алмазбеков. «Арнайы жолақ жасалғанға дейін Абай даңғылы бойымен 20 автобус және 7 троллейбус маршруттары жүретін. Қазіргі уақытта оңтайландырудан соң 9 автобус және 4 троллейбус қалды. Бұрын жолақ енгізілгенге дейін олардың жылдамдығы 12-14 км/сағ болса, қазір 18 км/сағатқа жетті», - дейді Алматы қоғамдық көлік басқармасының төрағасы Талғат Абдрахманов. Арнайы жолақ пайда болғалы такси жүргізушілері мен олардың тұтынушылары не істейді деген сұрақ туындады. Талғат Абдрахмановтың айтуынша, Абай даңғылының бойында шығыс және батыс бағыттарда такси автокөліктерін қоюға арналған орындар бар. Арнайы белгілер орналастырылған, және сол жерлерге такси жүргізушілері өз көліктерін қойып жүр», - дейді ол. Айта кетерлік бір жәйт, жеке көлік иелері арнайы жолақтың болғанына наразы. Жаңа ереже түнгі сағат 23:00-ге дейін қолданылады. Яғни, қоғамдық көліктер сол уақытқа дейін жүреді. Биліктің алдағы уақытта автокөлік жүргізушілеріне жеңілдік береді ме, жоқ па белгісіз дейді Нұрлан Алмазбеков.

Похожие материалы