Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«АрселорМиттал Теміртау» шахталарындағы жұмыс қалпына келе бастады

«АрселорМиттал Теміртау» шахталарындағы жұмыс қалпына келе бастады

Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz - Бүгін «Саранская», «Абай», Күзембаев атындағы , Костенко атындағы шахталардағы жұмыс қалпына келді, деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» компаниясынан.

Қазіргі кезде қалған шахталарда жұмысты қалпына келтіру мүмкіндігі барлығы сарапталуда. Компания алдағы демалыс, мереке күндері өндіріс қуатын қалпына келтіру жұмыстарымен айналыспақ. Айта кетейік, бүгін түнде шахтерлардың ереуілі тоқтап, олар жер бетіне шықты. Шахтерларға жалақысын 30%-ға көтеруге және қылмыстық қудалауға ұшырамайтынына кепілдік берілген. Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлары жалақы 100 пайыз өсіруін және зейнет жасын 50 жастан бастауы талап етіп, жер астына түсіп, шықпай қойған еді.

Похожие материалы