"АрселорМиттал Теміртау" кеншілердің жалақысын заңды түрде 25 пайызға қысқарту үшін экономикалық сотқа жүгінбекші. Компания өкілдері осындай шағым түсірді. Бұл туралы "Астана" арнасына Теміртау қаласы бойынша еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің басшысы Ерболат Дүсіпов мәлімдеді.
Оның сөзінше, "АрселорМиттал Теміртау" заңгерлері сотқа шағыммен қоса сот тыңдалымы кезінде мемлекеттік инспектордың қолхатының күшін тоқтата тұру туралы өтініш жіберген. Еске салайық, өткен сәрсенбіде еңбек мемлекеттік инпекторы компанияның еңбек қатынастары және еңбек реурсы бойынша директорына жалақыны 25 пайызға қысқарту туралы бұйрықты кері шегеру жөнінде жарлық қағаз тапсырды. Е.Дүсіповтың сөзінше, компания еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің тексеріс қорытындыларымен келіспеген. Ал компания жалақыны қысқарту туралы шешім қабылдауға құқықтары бар деп есептейді. Енді іс Қарағанды облысының экономикалық сотында қаралатын болады. Шілденің аяғында «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы компания қызметкерлерінің жалақысын 2015 жылдың 1 тамызынан бастап 25 пайызға қысқарту туралы шешім қабылдады. Мұның қажеттілігі геосаяси факторлармен және нарық шарттарының осыған мәжбүр етіп отырғандығымен түсіндірді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024