Экономика
"АрселорМиттал Теміртаудың" жалақыны қысқарту туралы бұйрығының заңды күші жоқ деп танылды
Мемлекеттік еңбек инспекторы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның еңбек қатынастары және еңбек реурсы бойынша директоры Дмитрий Павловқа 2015 жылдың 4 тамызындағы жалақыны 25 пайызға қысқарту туралы бұйрықты кері шегеру жөнінде жарлық қағаз тапсырды.
"ҚР Еңбек кодексінің 3 бөлім, 11 тармағына сәйкес бұл бұйрық заңды деп танылмайды және 13 тамыз сағат 12-ге дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ мемлекеттік еңбек инспекторына жарлық қағаздың орындалуы туралы жазбаша ақпарат жіберуі қажет", -деп жазылған кеншілердің "Жақтау" кәсіподақ ұйымының ресми сайтында. Еске салайық, шілденің аяғында "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы компания қызметкерлерінің жалақысын 2015 жылдың 1 тамызынан бастап 25 пайызға қысқарту туралы шешім қабылдады. Мұның қажеттілігі геосаяси факторлармен және нарық шарттарының осыған мәжбүр етіп отырғандығымен түсіндірді. Ал "Жақтау" кеншілер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетининнің сөзінше, "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің жалақысын қысқарту дұрыс шешім емес. "Компания қызметкерлерінің табысының өзі үлкен емес. Бұл біздің адамдарымызға айтарлықтай әсер етеді", - деп түсіндірді ол. Осы арада, ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігінің мәліметінше, қазіргі заң жобасына сәйкес компания ұжымдық келісім шарттарын өзгертіп, кәсіподақтармен келісусіз қызметкерлердің жалақысын қысқарта алмайды. Ведомство "АрселорМиттал Теміртау" АҚ төңірегіндегі жағдайды бақылап, қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылмауы үшін барлық шаралар қабылдауға уәде берді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024