Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыста 50-ге жуық жарылыс болды

Арыста 50-ге жуық жарылыс болды

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz – Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқ-дәрі қоймаларында 40-50 жарылыс болған. Қоймада радиоактивті элементтермен оқ-дәрілер болған жоқ. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев айтты. 

«Арыс қоймаларында зымыран-артиллериялық қару-жарақтың оқ-дәрілері, инженерлік оқ-дәрілер, оның ішінде атыс қаруының патрондары, қол гранаттары, танкіге қарсы басқарылатын ракеталар, зениттік басқарылатын ракеталар, түрлі калибрлі стратегиялық жүйелердің снарядтары, пиротехникалық құралдар мен жинақтаушы элементтер сақталған», - деді қорғаныс министрінің орынбасары.

Сондай-ақ, бүгін бөлімше командирі алған жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды.

«Әскери қызметкер Ахметов Әбдіқұл 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол 2013 жылы келісімшарт бойынша қызметке шақырылды, соңғы атағы – бөлімше командирі. Өкінішке орай, әскери қызметші алған жарақатынан қайтыс болды», – деді Дандыбаев.

Оның айтуынша, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына ақшалай төлем түрінде көмек көрсетіледі.

Похожие материалы