Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – 19 тамыз күні Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.
Сондай-ақ 56 әлеуметтік нысан тапсырылды, олар 50 білім беру, 4 денсаулық сақтау және 2 спорт орталығы.
Қалада 7,5 мың адам жұмысын жалғастыруда, оның 5 мыңы тұрғын үй қорын қалпына келтіреді. Бүгінгі таңда 33 авариялық үйдің орнында құрылысшылар кірпіштен салынған үйлер тұрғызды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша 455 жеке тұрғын үй құрылысы нысаны бұзылды.
«Меншік иелерінің келіспеуі себебінен 34 үйде жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Даулы мәселелерді 17 секторда бекітілген әкімдіктер өкілдері пысықтайды», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024