Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Арыс қаласында банк бөлімшелері, сауда орындары мен базарлар жұмысын бастап кетті - деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
«Қаладағы сауда орындары мен базарларда, дүкендерде азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдар, тауарлар сатылып жатыр. Ұн, макарон өнімдері, киім-кешек, көкөніс сатылымға шықты. Мал базары да ашылды. Кәсіпкерлер қалыпты жағдайда жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мемлекет зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, көптеген нысандар қысқа мерзімде жөнделетін болады.
Арыс қаласында 340-тан астам кәсіпкерлік нысан бар. Оның ішінде 164 дүкен, 5 базар, 8 тойхана, 28 кафе, 6 наубайхана, 5 дәмхана, 5 қонақ үй тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы Арыс қаласындағы № 44856 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс 2019 жылдың 24 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 09:20-да болған болатын. Нәтижесінде үш адам - бір жергілікті тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапты. Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы жағдай тұрақталып, өрт толығымен жойылды деп мәлімдеді. 28 маусымда тұрғындар өз үйлеріне орала бастады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024