Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстағы әскери қоймада не сақталды?

Арыстағы әскери қоймада не сақталды?

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласында жарылған әскери қоймада аса қуатты және қауіпті авиациялық оқ-дәрілер мен бомбалар сақталмағанын ресми түрде мәлімдеді.

"Радиоактивті оқ-дәрілер немесе снарядтар жоқ, онда ештеңе сақталмады. Радиация қаупі жоқ", - деді министр.

Сонымен қатар Ермекбаев барлық оқ-дәрілер олардың детонациясы жағдайында жарылыстың ықтимал бағытын ескере отырып орналастырылғанын атап өтті. Негізгі екпінді толқын далаға жіберілді – екпінді толқынның бір бөлігі елді мекенге келді.

"Жарылыс үйлердің шатырларына зақым келтірді және терезелерді сындырды. Мен Арыс қаласының тұрғындарына ескерту жасағым келеді: өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін, жедел штабтың арнайы рұқсатын алғанға дейін тұрғылықты жеріңізге оралмауыңызды сұраймыз. Арыс қаласының кейбір аудандарында жолдарда жарылмаған оқ – дәрілер болуы мүмкін", - деді Қорғаныс министрі.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта саперлер тобы тазарту жұмыстарын бастады. Бұл жұмыс аяқталып, жарылыстар тоқтатылғаннан кейін барлық тұрғындарға тұрғылықты жеріне оралу ұсынылады.

"Қазір барлық үйлер мен кварталдар полиция мен әскери қызметшілердің қорғауында. Мүліктің сақталуына алаңдамауға болады. Тонау мен ұрлық болмайды. Әскери қалашықтар мен арсенал әскери қызметшілердің күзетуімен қамтамасыз етілген, олардың бір бөлігі бункерлерде, бір бөлігі қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, сондықтан олардың қауіпсіздігіне да кепілдік беріледі. Медициналық көмекке мұқтаж жандарға ол көрсетіледі", - деп түсіндірді Ермекбаев.

Жалпы, министрдің деректері бойынша, бұл арсенал барлық техникалық күзет құралдарымен, дабылмен жарақталған. Оқиға себептерін арнайы тергеу тобы жеке тергейді.

Похожие материалы