Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Арыстағы қоймаларда әлі де бірнеше өрт ошақтары бар, - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев.
«Арыс қаласындағы негізгі көшелер мен алаңдар тазартылды, қазірге дейін 500-ден астам жарылғыш зат шығарылды, бірақ аулаларда қауіпті жарылғыш заттар әлі де бар, қалада 400-ден астам сапер жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар, Арыс аумағында снарядтардың фрагменттері бар, олар да қауіпті. Сондықтан ТЖ мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды», - деді Бақыт Құрманбаев.
Құрманбаевтың айтуынша, барлық әскери нысанның периметрі бойынша бекеттер қойылған. 600-ден астам әскери қызметші қала аумағын күзетуде.