Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz - Standard&Poor’s рейтинг агенттігі "Delta Bank" АҚ-ның кредиттік рейтингіне қатысты есеп жариялады.
Агенттіктің есебіне сәйкес, банктің ұзақмерзімді кредиттік рейтингі халықаралық өлшемдер бойынша «СС» деңгейіне түсті. Банк рейтингі төленбей қалу қатеріне ұшыраған облигацияларының осы жылдың 23 қаңтарында Credit Watch Negative тізіміне енуіне байланысты төмендеген.
S&P банктің ұзақмерзімді кредиттік және басымдыққа ие төленбеген қарыздар рейтингтерін «ССС-»-ден «СС»-ке дейін түсірді. Бұған банктің 2017 жылғы қаңтардың 18-інде төлеуі керек болған негізгі облигациялардағы сомасы 9,8 млрд теңгені құрайтын негізгі төлемін өтемеуі себеп болып отыр.
2017 жылдың 1 ақпанынан бастап 10 жұмыс күніне созылатын мерзім ішінде банк қарыздың негізгі бөлігін төлеуі керек. Аталған мерзім ішінде банктің рейтингі Credit Watch тізімінен шығарылады. Егер S&P қарыз өтелмеді деп есептесе, банктің рейтингі «SD» немесе «D» дейгейіне дейін түсіріледі.
Агенттіктің пікірінше, банктің қазіргі активтері қарызды өтеуге жеткіліксіз. Delta Bank 2016 жылдың желтоқсанында Ұлттық банктен көмек сұраған.
Кеше, 7 ақпан күні Қазақстанның қор биржасы Нұрлан Тілеубаев банк акционерлерінің жоспарланбаған жиналысында "Delta Bank" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы боп сайланған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024