Астана. 3 ақпан. 7kun.kz - Қаржы министрі бақылау-кассалық аппараттарын пайдаланатын шағын бизнес субъектілерін тексермеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
"Бизнеске қысымды төмендету үшін келесідей шаралар қолданамыз. Бақылау-кассалық машиналар қолданатын кез келген шағын бизнес субъектісі тексерілмейді. Яғни 13 мың тексеруді азайта аламыз. Барлық есептерінде электронды есеп-фактурасын қолданатын экспортерлерге де ҚҚС-ты тез арада яғни 30 жұмыс күні ішінде қайтарып береміз. Қазір бизнеске арнайы ҚҚС-есеп енгізуді ойластырып жатырмыз. Бұл бір жағынан ҚҚС-ты қайтару кезіндегі алаяқтықты азайтса, екінші жағынан шағын және орта бизнес үшін салықты автоматты түрде беріп отыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.
Министрдің түсіндіруінше, өткен жылы 110 млрд теңге үнемделгенімен, 36 млрд теңге игерілмей қалған. Мемлекет басшысы қаржыны сауатты түрде бөлуді тапсырды. "Игеру деген термин бар. Жыл бойы олар қаржы алмайды да, соңында игермей қалды демес үшін қараша-желтоқсанда жан-жаққа лақтыра бастайды. Әйтеуір, игерілсе болды. Сондықтан бақылау керек", - деді Н.Назарбаев.
Министрдің атап өтуінше, қаржының уақытында игерілмеуіне келісім-шарт мерзімінің өзгеруі мен жұмыс графигінен қалуы себеп болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024