Астана. 29 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйырығымен Берік Шолпанқұлов қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 28 желтоқсанындағы №870 қаулысында жазылған.
Осыған дейін Берік Шолпанқұлов қаржы министрлігіндегі Қаржылай мониторинг бойынша комитет төрағасының қызметінде еді.
Ол 1976 жылы туылған. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетін "Бухгалтерлік есеп, бақылау" мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетін "Әскери және мемлекеттік басқарма" мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
Өз еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілде арасында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы. 2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусым аралығында -Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2014 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Үйленген, екі ұлы және бір қызы бар.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталары, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «За вклад в создание Евразийского экономического союза» «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы үлесі үшін» II дәрежелі медалі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024