Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Асқар Мырзахметов 2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған.
1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.
2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.
2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2016 жылдың мамырынан – ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024