Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау шараларына бюджеттен 3,57 млрд теңге бөлінді

Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау шараларына бюджеттен 3,57 млрд теңге бөлінді
Алматы. 9 мамыр. 7kun.kz - Ауыл шаруашылығы жерлерін суару және шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері бойынша шешім қабылданды деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.  Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарының өкілдері қатысқан жиын өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және суару жүйесін қалпына келтіру және 600 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу туралы президент тапсырмаларын орындау аясында мелиорациялық жүйелерді дамыту перспективалары айтылды. Сонымен қатар, шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша химиялық іс-шаралардың орындалуы туралы сұрақтар талқыланды. 2018 жылы зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің және карантинді объектілердің таралуы 5,1 млн гектар алаңда, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестері 1,92 млн гектар, дәнді дақылдардың аурулары 2,4 млн гектар, саяқ шегірткелер 444,0 мың гектар алаңда таралады деген болжам бар. Аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді организмдерге қарсы қорғау іс-шараларына республикалық бюджеттен 3,57 млрд теңге бөлінді. Республика бойынша барлығы 540 бірлік бүріккіш техникаларын жұмылдыру жоспары бар (37 ұшақ, 31 аса жеңіл авиация (АЖА), 33 аэрозольді генераторлар, 141 ультра аз көлемдегі бүріккіштер (УАКБ) және 192 иыққа ілетін бүріккіштер).

Похожие материалы