Әсет Исекешов: Геологиялық барлау саласына 900 млрд теңге инвестиция тартылады
Қазақстанның геологиялық барлау саласына таяу жылдары 900 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тарту күтілуде. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
«Геологиялық саланы дамыту елдің экономикалық дамуының негіз қалаушы факторы болып табылады. Қазақстанда 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін жүзеге асырылатын геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы бойынша бюджеттен 120 млрд теңге бөлінген. Жеке инвестициялар есебінен тағы 900 млрд теңге салынады деп күтілуде», - деді ол Геологтар күніне арналған салтанатты жиында.
Министр саланы әрі қарай дамыту мақсатында Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығын халықаралық стандарттар енгізу арқылы арттыруға бағытталған қадам белгілегенін еске салып өтті.
«Соңғы кездері Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын барлық саясат халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі. Жер және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс әзірленді, онда жер қойнауын пайдаланудағы негізгі өзгерістер шоғырландырылады. Бұл Қазақстанның геологиялық барлауына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп баса айтты ҚР ИДМ басшысы.
Оның айтуынша, геологиялық саланы дамыту басымдықтары мен міндеттері елдегі шикізат ресурстарын тұтыну көлемінің өсуіне негізделген және саланы дамытудағы мемлекеттік міндеттер сол сындарға және жалпы елдің экономикалық мүдделеріне жауап береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024