Астана. 14 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда Қашаған кен орнынан өндірілген мұнай экспорттала бастады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозумбаев Қашағандағы мұнай өндірісі тәулігіне 90 мың баррелге дейін жеткені туралы мәлімдеген болатын.
«Қашағанда бәрі ретімен болып жатыр. Өндіріс басталып қана қойған жоқ, төрт бірдей құбырдан күніне шамамен 90 мың баррель мұнай өндіріліп жатыр. Болашақ та(мұнай мен газды кешенді дайындау құралы) жұмыс істеп жатыр», – деген еді Бозумбаев.
«Болашақ зауытынан тауар мұнайы таза шықты. "ҚазТрансОйл" резервіне түсе басатады. Енді сол жерде кезең кезеңімен жинала бастайды, біраз уақытта операторлар мен акционерлер экспорттық келісім туралы ақпарат таратады", - деп атап өткен министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай Қашағанда мұнай өндірісі тест түрінде қыркүйек айында іске қосылған болатын.
«Теңіз операциялары қайта жаңартылған соң өндірісті тәулігіне 75-180 мың баррелге жеткізу жоспарланып отыр. Ал күкіртті газды қайта айдау жұмыстары басталғаннан кейін 2017 жылы өндірісті тәулігіне 370 мың баррелге жеткізу жүзеге асады", - деп хабарлаған энергетика министрлігі.
Қашаған — Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан.
Соңғы зерттеу деректеріне сәйкес, кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81 %), «ҚазМұнайГаз» (16,81 %), Total (16,81 %), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81 %),ConocoPhilips (8,4 %), INPEX ( 7,56 %) компаниялары кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024