Неге жұмыс әлі басталған жоқ?
Дайындық жұмысы кезінде кен орнында өте үлкен шикізат жатқандағы анықталды. Бірақ оған қол жеткізу үшін де өте күрделі өндіріс бастау қажет еді. Мамандар бірауыздан Қашаған кен орнынан мұнай өндіру технологиялық жағынан әлемдегі ең қиыны болмақ деген шешімге келді. Қыста аймақтағы температура -40 градусқа дейін азайып, жазда +35 градусқа дейін көбейеді. Мұзды құрсаулар құрылғыларды бұзып, құбырлар тез таттанудан істен шығады. Аймақтағы суық ауа райына байланысты жылына тек 6 ай жұмыс істеу болады. Бұған экологиялық, саяси, қаржылық және әлеуметтік мәселелерді де қосыңыз. Сондықтан 2005 жылы басталуы қажет деген Қашағандағы өндіріс 2012 жылдың соңына, ал кейінірек 2013 жылдың көктеміне ауыстырылды. Ұзақ күтуден кейін Қашағандағы "қара алтын" өндірісі 2013 жылдың 11 қыркүйегінде басталды. Бірақ салтанатты түрде ашылғаннан кейін бірнеше аптадан соң "D аралынан" "Болашақ" зауытына баратын газ құбырының істен шыққаны анықталып, кен орнындағы жұмыс тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 6 қазанда құбырлар іске қосылды. Бірақ 9 қазандағы кезекті тексеріс кезінде тағы да ақаулар анықталды. Комиссия жұмысының хабарлауынша, газ ағып кетуіне құбырлардың сульфидті қосындылар нәтижесінде шытынап кетуі себеп болған. Енді "қара алтын"өндірудің орнына, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Жалпы есепте 200 шақырым құбыр істен шыққан. Яғни теңіздегі 130 шақырым және құрғақтағы 70 шақырым құбырларды қайта ауыстыру қажет. Жаңа құрылғылар орнатып, оны дәнекерлеудің өзі күрделі жұмыс. Әрі бұл жобаны Каспий теңізінде орындау үшін аса жоғары экологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс. Қысқы уақытта теңіздің мұз құрсауында қалуы логистикалық операциялардың жұмысына кері әсерін тигізуде. Аталған жұмыстарды орындау үшін ресми мәлімет бойынша 3 млрд доллар қажет. Жоба басталмас бұрын қол қойылған келісім-шартқа сәйкес құбырларды жаңаландыру үшін керек қаржылық шығынды Қазақстан Республикасының Үкіметі емес, жоба акционерлері көтереді. Дегенмен олардың қатарында "ҚазМұнайГаз" АҚ бар екенін ұмытпаған жөн. Осы арада құбырларды өндірумен, орнатумен айналысқан компаниялардың жұмысына да қатысты сын айтылды. Тендер өткізіп, өзге де өндіріс орындарын шақыру мәселесі қаралды. Бірақ ол компаниялардың Каспийде жұмыс істеу үшін қажетті құрылғылары түгел болуы тиіс. Екіншіден, ол компаниялар Каспийде жұмыстарын бастау үшін өте ұзақ уақыт керек. Ал бізде ондай мүмкіндік жоқ, 2016 жылдың соңына дейін Қашаған өндірісін қайта бастауы тиіс. Сондықтан осыған дейінгі компания қатаң бақылаумен өз жұмысын қайта бастады. Қазақстан билігінің ресми мәлімдеуінше, кен орнындағы өндіріс 2016 жылдың соңында, 2017 жылдың басында жалғасуы қажет. Н.Назарбаев бүгінде Қазақстан үшін мұнайдың "абсолютті бәріне жететіндігін" атап өтіп, барлығын сабырлы болуға шақырды. "Күту керек (...). Ал екінші жағынан, осылай кешігіп, барлығы уайымдап жатқанының өз артықшылығы бар. Бізге онсыз да жетеді, болашақ ұрпаққа көбірек қалсын", - дейді ол.Супертабысты, суперқымбат
Бүгінде бұл жобаға қатысты айтылатын сипаттамалар да өзгерген. Қашаған енді супертабысты өндіріс орнынан суперқымбат кен орнына айналып келеді. CNN Money құрған тізімде Қашаған әлемдегі ең қымбат энергетикалық жоба деп танылды. Америкалық БАҚ өндіріс орнының құнын 116 млрд долларға тең деп бағалады. Осыған байланысты сарапшылардың көпшілігі Қашаған жұмыс істесе де, Қазақстан мен өзге де инвесторларға табыс әкеліп қана қоймай, өзіне салынған қаржыны ақтамауы да мүмкін деп есептейді. Мұнай бағасының қазіргі жағдайы да осыған себепкер болмақ. Британиялық Times басылымының жазуынша, шетелдік инвесторлар Қашағанды енді Cash-All-Gone деген атаумен атай бастаған. Ағылшын тілінен "барлық ақша кетті" деп аударуға болады. Газет өз мақаласында "қара алтын" экспорты табысының 60 пайызын құрап отырған Қазақстан экономикасында әлемдік мұнай бағасының төмендей бастауына байланысты пробемалар туындағанын атап өтеді. Басылымның жазуынша, Хьюстоннан Пекинге дейінгі ірі мұнай өндіруші компаниялардың басшылары Қашағанға салынған миллиардтар туралы ұмытып, қайта еске алмауды қалайды. "Бір нәрсені мойындау қажет. Қашаған олардың оңайлықпен ұмыта қоймайтын қателігі болады",- дейді Times.Қандай өзгеріс болады?
Осы жылдың жазында "ҚазМұнайГаз" АҚ Қашаған жобасындағы 50 пайыздық жобасын "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорына сатпақшы екендігін хабарлады. Келісім-шарт құны 4,7 млрд долларды құрайды және осы жылдың соңына дейін аяқталуы қажет. "ҚазМұнайГаздың" әл-ауқат қорының еншілесі екендігін ескерсек, ауыр жүкті бір орыннан дәл сондай екінші орынға ауыстырудың қажеті не деген сұрақ туады. Қазақстандық экономист, сарапшы Сергей Смирновтың сөзінше, "ҚазМұнайГаз" енді Қашаған жобасын сүйреп жүре алмайды. Оның өзінің 18 млрд доллар қарызы бар. "Самұрық-Қазына" Қашағанды сатып алу арқылы "ҚМГ" мойнындағы жүкті жеңілдетпек. Табысынан шығын көп компанияға несие берудің қиын екендігін ескерсек, бұл бір жағынан "ҚазМұнайГаздың" имиджін көтеру үшін де жасалып отыр. "Қашағанға кім келетіндігі маңызды емес. Бұл пайдалану уақытына еш әсер ете алмайды. Қашаған жобасының өзі күрделі. Инвестор ақшаны әкелуі мүмкін, бірақ технологияларда келу керек. Жобаның барлық инвесторлары өз мүмкіндіктерін артығымен бағалаған. Сондықтан пайдалану уақытын үнемі кері шегеріп келеді", -дейді С.Смирнов. Сондай-ақ, ол мұнай өндіру 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында ашылады деген жоспарға да күмән келтірді. Қысқы уақытта Қашағанда жұмыс істеу қиын, соңы техникалық проблемаларға ұласуы мүмкін. "Мұнай бағасы барреліне 50 доллар төңірегінде тұр. Бұл жағдайда тіпті табыс туралы сөз болуы мүмкін емес", -дейді ол. Фото: millioner.kzӘбітай Ақсәуле "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024