Атырау. 13 қаңтар. 7kun.kz - Қашаған мұнайының алғашқы миллион тоннасы экспортқа жіберілді. Бұл туралы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясысының баспасөз қызметі хабарлады.
"Қашаған кен орнында шикі мұнай мен конденсатты қауіпсіз өндіру және экспорттау көлемі 8 қаңтарда бір миллион тоннадан асты", - делінген баспасөз хабарламасында.
Өндіріс 2016 жылғы қыркүйек айында басталған және қазіргі уақытта өнім өндіру қарқындылығы тәулігіне 180 000 баррель мұнайға дейін артуда. Ілеспе (күкіртті) газды қойнауқатқа кері айдау басталып, оңтайландыру жұмысы аяқталғаннан кейін Қашаған жобасының І кезеңі шеңберінде өнім өндіру деңгейін тәулігіне 370 000 баррельге жеткізу көзделіп отыр.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024