Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Үкіметтің жаңа құрамы нақты нәтижелерге бағытталған нақты істердің Үкіметі болуы тиіс. ҚР-ның жаңа премьер-министрі Асқар Мамин Министерлер кабинетіне осындай міндеттеме жүктеді.
"Біз Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтауға тиіспіз. Біздің үкімет құрамы нақты нәтижелерге бағытталған нақты істердің Үкіметі болуға тиіс. Елбасы біздің алдымызға халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға, экономиканы одан әрі әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірінші кезектегі міндеттер қойды", – деді ол Үкімет отырысында.
Премьер-Министрдің пікірінше, осы шаралар арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға болады.
Мамин алдағы "Нұр Отан" партиясының съезінде қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдауды күшейту бойынша бірқатар жаңа шаралар туралы хабарлайтынын атап өтті.
"Үкіметтің келесі отырысында біз съезде берілген тапсырмаларды қарастырамыз", - деді Үкімет басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024