Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин елордадағы дүние-мүлкін саудаға шығарып жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz Abzhan news арнасына сілтеме жасап.
Арнаның ақпараты бойынша экс-премьер Асқар Ұзақбайұлы қазір мемлекет астанасында. Ешқайда көшіп кетпеген. Қазір елордадағы біршама дүние-мүлкін сату бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр екен.
Маминның сатылуы мүмкін мүліктері: «Еуразия» сауда орталығы, қала сыртындағы 5 үй, «Көкталдағы» ауданындағы үй және Нұр-Сұлтан маңындағы жалпы аумағы 100 гектардай жер телімдері.
Естеріңізде болса, Асқар Мамин 2019 жылдың ақпанынан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болды. Қаңтар оқиғасы кезіндегі халық наразылығынан кейін қызметтен кеткен.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024