Нұр-Сұлтан. 23 маусым. 7kun.kz – Елорада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сот процесі жалғасуда., деп хабарлайды 7kun.kz.
Кезекті сот отырсында Елжан Біртанов келесі сот отырысына, іске куәгер ретінде бірнеше қазақстандық шенеунікті шақыруды сұрады.
«Бақтыбек Жұмаділ – Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің жобаның бас маманы, конкурстық рәсімдерді жүргізу, өнім берушіні таңдау, келісім-шарттарға, келісімдерге қол қою, келісім-шарттың орындалу мерзімін ұзарту және келісім-шарттарды аяқтау мәселелері бойынша;
Марсело Бортман – Халықаралық қайта құру және даму банкінің денсаулық сақтау жобасының жетекші маманы, сол мәселелер бойынша;
Бағдат Мусин – 2020-2022 жылдарға арналған тұғырнаманы іске асырудың жол картасын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен бұйрыққа қол қою және іске асыру жағдайлары туралы, сондай-ақ басқа да денсаулық сақтауды цифрландыру жобалары іс бойынша өзекті;
Тамара Дүйсенова – бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, 2015 жылы интерактивті платформаны әзірлеуге конкурс өткізу, «Ericsson Никола Тесла» компаниясымен келісімшартқа отыру, оған өзгерістер енгізу және 2017 жылдың қаңтарына дейін келісім-шартты іске асыру жағдайлары туралы;
Ералы Тоғжанов – Премьер-Министрдің орынбасары, Хорватия Елшілігінің, «Эриксон Никола Тесла» компаниясының өкілдерімен, ICRIAP және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен 2021 жылдың қазан айында жүргізілген келіссөздердің мән-жайына сәйкес ол келіссөздердің мән-жайлары және онда қабылданған шешімдер;
Асқар Мамин – 2020 жылғы 12 және 13 маусымда Жамбыл облысына іссапардың мән-жайына байланысты, оның ішінде санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға бағыт-бағдар беріп, қайтып оралуыма байланысты бұрынғы премьер-министр», – деді Біртанов.
Сот Біртановтың өтінішін қанағаттандырды және аталған тұлғаларды куә ретінде шақыру туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, Елжан Біртановтың ісі бойынша басты сот отырысы 26 мамырда басталды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024