Yellow, Black & White (YBW) студиясы «Руки Вверх!» тобы туралы көркем фильм түсіруді жоспарлап отыр, деп жазады «Ведомости» компания өкіліне сілтеме жасап.
Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, мемлекеттік кино қорынан қаржыландыру алу үшін өтініш берілген. Егер мақұлданса мемлекеттен қаржылындарылуы мүмкін.
Бұған дейін «Новости кинопроизводства» Telegram-арнасы фильмнің сценарийін Сергей Калужанов («Время перво», «Мира», «Майор» сериалы) мен Михаил Погосов («Эскортница», «Последний шанс») жазғанын хабарлаған болатын. Телеграм арнаның жазуынша фильмнің режиссері біздің отандасымыз, «Ғашық жүрек /Коктейль для звезды», «Тракторшының махаббаты» сынды ондаған фильмнің режиссері, сценаристі Асқар Ұзабаев режиссер болады.
Айта кетейік, «Руки Вверх!» тобы 1995 жылы Сергей Жуков мен Алексей Потехин бастамасымен құрылған. «Крошка моя», «Чужие губы», «Лишь о тебе мечтая», «Песенка» сынды әндері ұзақ жылдар бойы хит шерулердің көшін бастап тұрды және дискотекалардың сәні болды.
Алайда, 2006 жылы топтың тарап кетті. Қазіргі кезде Сергей Жуков топтың ресми мұрагері әрі солисті ретінде концерт беріп жүр. Ол бүгін Астанада, 4 маусымда Алматыда үлкен концерт бермекші. 2022 жылдың 18 наурызында Ресейдің Қырымды қосып алғанына 8 жыл толуына орай өткен концертке қатысқаны үшін Украина тарапы Сергей Жуковқа қарсы санкция салған еді. Әлеуметтік желі мен БАҚ арасында қазақстандықтар тарапынан қарсылық пікірлер де байқалды. Сондай-ақ Асқар Ұзабаевтың топ туралы фильмге ржиссер болатынын естіп, сынап жатқандар да бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024