Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі күнге дейін бірде-бір қазақстандық ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне 9 мамыр күні әлеуметтік желілерге, сервистерге, месенджерлерге, кейбір БАҚ сайттарына қолжеткізу проблемаларына және ұялы байланыстағы қиындықтарға байланысты шағымданған жоқ, деп мәлімдеді министр Асқар Жұмағалиев.
«Біз барлық техникалық мәселелерді тексереміз, себебі дәл қазір сұрау келіп түсті. Бұған дейін сұраулар болмады. Қазір сізден шағым келді - біз тексереміз», - деді министр журналистерге.
Сондай-ақ, Жұмағалиев 9 мамыр күні интернетке қолжеткізуде қиындықтар болды ма деген сұраққа жауап беруден жалтарды.
«Қазір интернет жұмыс істейді - өзіңізден тексеріп көріңіз», - деді министр.
Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 9 мамыр күні бұғаттау туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, оның ведомствосы «байланыс үшін жауап бермейтінін» мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 9 мамыр күні Қазақстанда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге кіру шектелді. Сондай-ақ, ұялы байланыста да мәселелер байқалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024