Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанаға 20 жылдың ішінде 47 млрд доллардан аса инвестиция тартылған

Астанаға 20 жылдың ішінде 47 млрд доллардан аса инвестиция тартылған

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – 20 жыл ішінде Астананың жалпы өңірлік өнім көлемі 5 жарым есеге артып, 18 млрд долларға жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Осы жылдар аралығында бас шаһарға 47 млрд доллардан аса инвестиция тартылды. Оның 90 пайызы бюджеттік қаржыландыру емес. Бүгін «Global Silk Road» форумында қала әкімі осындай жетістіктерді сөз етті. Әсет Исекешев елордада кәсіпкерлік қанат жайып келе жатқанын да айтып, бүгінде орта және шағын бизнестің үлесі 57 пайызға жеткеніне мән берді. Егер мемлекеттер арасындағы бәсекелестік қазір қалалар арасындағы бәсекеге ұласқанын ескерсек, Астана Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналуды мақсат етіп отыр. Содан болар, елордаға жыл сайын 50-100 мың адам қоныс аударуда. 20 жылда тұрғындардың саны 3 есеге артып, 1 миллионнан асты.

«Біз қазір елордада трансформация жүргізіп жатырмыз. Кез келген әкім үшін халықтың әл-ауқатын жақсарту маңызды. Ол үшін тұрғындардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсарта түсу керек. Біз осы міндетті кезең-кезеңімен іске асыруға мүмкіндік беретін «20 нақты қадам» бағдарламасын жасадық. Оны алдағы 3 жылда іске асырамыз. Қазір қалада 2 млн адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Бұл ретте 129 гектар жерде 10 мың тұрғын тұруы тиіс. Әрі онда қолайлы өмір сүруге барлық қажетті жағдай жасалады» , - деді әкімі Әсет Исекешев.

Похожие материалы