"Астана" қаржы орталығының биржасы желтоқсаннан бастап сынақ режимінде жұмысын бастайды
Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz – "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы сынақ режимінде жұмысын желтоқсанның басында бастайды. Бұл туралы орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Сонымен қатар, биржаға компанияларды тіркеу 2017 жылдың соңында басталатындығын айтады. Бірінші кезекте жаңа қаржылық технологиялар бағытындағы компаниялар жиынтығы болады.
«Конституциялық заңға сәйкес ("Астана" қаржы орталығы туралы), тіркеу ережелерін бекіту құқығы "Астана" қаржы орталығының басшысына берілді. Яғни маған берілді. Бірақ мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қою керек. Қол қойылғаннан кейін қазанның басында компанияларды тартуға мүмкіндік аламыз" - деді.
Орталықтың аумағында арнайы құқықтық режимді бекітетін («Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы) заңға 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылды. Қаржы орталығында арнайы салық, валюталық және визалық режимдер, сондай-ақ билік органдары мен орталықтың қатысушыларымен, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған арнайы тәртіптері бар.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024