Астана. 3 маусым. 7kun.kz -«Астана қаласының әуежайы» АҚ мен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС монополияға қарсы заңнаманы бұзған. Бұл туралы монополияға қарсы орган жанындағы комиссия отырысын өткізу барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
Сөйтіп, Комиссияның 3 және 4-отырыстары «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға және «Астана қаласының әуежайы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын қарау үшін өткізілді.
Әуежай автомобильдер (көлік құралдары) тұрағына физикалық сипаттамаларды төмендету, атап айтқанда қысқарту жолымен, тұрақта тегін тұру уақытын 30 минуттан 20 минутқа дейін қысқартып бағаларды көтерген.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия көпшілік дауыспен (5-қолдап, 1-қарсы) әуежайдың әрекеттерінде тұрақта тегін тұру уақытын қысқарту есебінен тарифті көтеру жолымен монополиялық жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісінің болуы туралы монополияға қарсы органның шешімін қолдады.
Павлодар мұнай-химия зауыты бойынша Комиссия компанияның әрекеттерінде битумға жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісінің болуы туралы монополияға қарсы органның шешімін бірауыздан қолдады. Бұл ретте Комиссия монополияға қарсы органға әкімшілік айыппұлдың шамасын айқындау кезінде айқындалатын монополиялық кірістің есебін қайта қарауды ұсынды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024