2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласының автобустарында тегін Интернет қосылады. Бұл жөнінде Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев "Beeline Казахстан"-ның бас директорының қызметін атқарушы Тарас Пархоменкомен кездескен. Келісім бойынша, 2015 жылы Астана қаласының 100 автобусына тегін интернет жүргізілетін болды.
Әкімдікте 50 автобустың жолаушылары аталған қызметті ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолдана алатындығын айтты. Ал, қалған 50 автобусқа интернет 1 қазаннан бастап қосылады.
"Бүгінде смартфон және планшеттерді қолдану өсіп келеді. Тұрғындарға расымен де, тегін интернет ауадай қажет. Аталған жобаның ерекшелігі - жолаушылар қай оператордың қолданушысы болса да, тегін интернетке қол жеткізуге мүмкіндік алатын болады", - дейді Әлиев.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қаласының трамвайлары мен троллейбустарына тегін Wi-Fi орнатылған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024