Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Елордадағы LRT құрылысына қажет 80 млрд теңгеден астам қаржы Астана банкінде қалды. Бұл жөнінде вице-премьер Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Қасымбектің айтуынша, қазіргі уақытта Нұр-сұлтан әкімшілігі Ұлттық банкпен, Проблемалық несиелер қорымен және Қаржы министрлігімен бірлесіп Астана Банкінен берешекті өндіріп алу мәселесін қарастырып жатыр.
"Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілдеде Нұр-сұлтанды дамыту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы аясында қаралады. Атап айтқанда, бұл жеңіл рельс жолының одан әрі құрылысы мен жобасының аяқталуы. Жоба шынымен ұзаққа созылды, бірінші жыл салынбады. Мәселе қаражаттың Астана банкінде болуы", – деді ол.
Бұл ретте Жеңіс Қасымбек LRT енгізу жағдайын түсіндірді.
«Қаражат тоқтап қалды, 80 миллиардтан астам теңге қарыз траншы болды. Осының негізінде құрылыс уақытша тоқтатылды. Президенттің тапсырмасы - бұл нысанды аяқтау. 25 шілдеде әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқалары мен тетіктерін ұсынады. Мемлекеттік комиссияның қорытындысы бойынша біз толық ақпарат бере аламыз. Жоба аяқталады, әкімдікпен бірлесіп белгіленген мерзім - келесі жылдың соңы », - деп түйіндеді вице-премьер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024