Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Астана Банкі» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің 96%-ін өтеді, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Астана Банкі» АҚ салымшыларының – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің депозиттерін өтейді. Өтем төлеу «Еуразиялық банк» АҚ банк-агент бөлімшелерінде 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейін жүргізіледі. Салымдарға, банк клиенттерінің – жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларында орналастырылған ақша өтеледі.
«Астана Банкі» АҚ-ның 46 мыңнан астам салымшысы банк-агентке өтініш білдірді. Қазіргі уақытта салымшыларға 36 миллиард теңге – міндеттемелердің жалпы сомасының 96%-ы төленді. Банк-агентке өтемақы үшін әлі өтініш білдірмеген салымшылар 2019 жылғы 26 шілдеге дейін банк- агентке, ал кейін-тікелей ҚДКБҚ-ға өтініш беруге құқылы.
Банк салымшыларының 64%-інің мың теңгеден кем, салымшылардың 79%-інің бес мың теңгеден кем депозиттері болған. «Астана Банкі» АҚ-да ашылған депозиттік шоттардың 99,6%-іне толық көлемде кепілдік беріледі: салым, ағымдағы шоттағы немесе төлем карточкасындағы ақша сомасы өтеудің ең жоғары сомасынан аспайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024