Халықаралық валюталық қордың атқарушы директоры Кристин Лагард IX Астана экономикалық форумның жұымысына қатысады. Бұл туралы Астанадағы брифинг кезінде Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
Оның сөзінше, Лагардтың қатысуымен болатын конференция 24 мамырда өтеді. Сондай-ақ, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, америкалық экономист Джеффри Сакс, Нобель сыйлығының лауреаты Томас Сарджент, Кристофер Писсаридес, Эдвард Прескотт, ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти және басқалар келуі мүмкін.Сондай-ақ, форум жұмысына жекешелендіруге шығарылған топ-65 кәсіпорын тізімінлегі компаниялар қатысады.
Форумның негізгі жаңа өзгерістерінің бірі - қатысу үшін тіркеу жарнасының енгізілуі. Шараның өзіне қатысу үшін 35 мың теңге, ал пленарлық отырыстарға қатысу үшін 100 мың теңге төлеу қажет.
"Бұл халықаралық тәжірибе, тіпті ақылы деп те айтпаймыз. Бұл - тіркеу жарнасы. Әлемдік тәжірибеде бұл сома 10 есе көп. Өз-өзін ақтаудың, коммерцияланудың, эксклюзивке ие болудың алғашқы қадамдары", -деп атап өтті Ә.Ерғалиев.
IX Астана экономикалық форумы 25-26 мамырда өтеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, 20 іс-шара өтуі қажет. Пленарлы отырыс 26 мамырда "Қазақстан" Орталық концерт залында өтеді. Форумнан кейін келесі күні Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29-отырысы болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024