Астана. 26 мамыр. 7kun.kz - Астана экономикалық форумының бірінші күні де аяқталды. Әдеттегідей форумға қаржы мен экономика саласының майталмандары, ірі қаржы құрылымдары мен халықаралық ұйымдардың басшылары бас қосты. Алғашқы күні не айтылғаны жөнінде 7kun.kz оқырмандарына ұсынады.
Тимур Сүлейменов, Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика мен қаржы саясаты жөнінде коллегия мүшесі: «Экономиканы көркейту үшін тек қана ұлттық құралдарға ғана үміт артуға болмайды. Жан-жағымызға, жақын көршілерімізге қарауымыз керек. Осы ЕАЭО-ның құрылуы әрі қарайғы экономикалық өсімнің драйвері болады. Оның құрылғандағы мақсаты да осы болатын». Әсет Исекешев, ҚР инвестициялар және даму министрі: «Қазақстан тек қана шикізатқа негізделген ел деген түсінікті өзгертіп жатырмыз. Инвестиция тарту жағынан қарастырсақ, біздің ендігі мақсатымыз - Қазақстанды инвестициялық хабқа айналдыру. Яғни біздің еліміз - Еуразияның жаңа инвестициялық бағыты болуы тиіс». Артур Лаффер, америкалық экономист, бұрын американың президенті Рональд Рейганның, британ премьер-министрі Маргарет Тэтчердің экономикалық кеңесшісі болған: «Мұнай бағасы түскенін байқаған болсаңыздар, міндетті түрде барлық мемлекеттік кәсіпорындарды сату керек. Себебі мұнайдың арзандауына қоса тиімсіз басқарылып, мемлекеттің мойнына жүк болып тұрған активтерді иелену жақсы емес. Жағдай нашар кезде үкімет бизнес-ортаға араласпауы керек, салықтарды көтеруге тіпті болмайды. Керісінше тиімсіз басқарылып отырған мемлекеттік активтерді сол бизнес-ортаға кірістірген жөн». Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің басшысы: «2016 жылдың соңына арналған жылдық инфляция бойынша Ұлттық банктің болжамы бұрынғы қалпында қала береді. Жыл соңына қарай инфляция бәсеңдеп, мақсатты дәліздің жоғары шегіне 6-8%-ға жақындай түседі. Бұлай бағалауымызға бүгінде айырбастау курсының инфляцияға ауысымының таусылуы себеп болып отыр».Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024