Астананың 17 жылдық мерейтойына арнап елордалық аспаздар бешбармақ әзірлеп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Астананың жүздеген тұрғындары мен қонақтары "Ғашықтар" саябағына келіп, рекорд орнатқан тағамды өз көздерімен көріп, дәм татты. "Тайқазан" акциясының ұйымдастырушылары - Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақ география қоғамы мен Астана қаласының әкімдігі.
Бұл тағамды әзірлеуге 800 кг ет, 14 қап пияз кеткен. Ал, жайылған қамырдың салмағы 300 кг-нан асқан. Дегенмен, Гиннес рекордтар кітабының талабы орындалғандықтан, олардың барлығы қазанға салынған жоқ. Нәтижесінде, 736,5 кг болған қазақтың ұлттық тағамы рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен бешбармақ ретінде енгізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, етті пісіруге елорданың ірі мейрамханаларынан шақырылған 20 шақты бас азпаз, 20 шақты даяшы мен еріктілер қатысқан.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024