Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астананың негізгі капиталға салған инвестиция көлемі 41651,8 млн теңгені құрады

Астананың негізгі капиталға салған инвестиция көлемі 41651,8 млн теңгені құрады

Астана. 20 наурыз. 7kun.kz - Астана қаласының 2016 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестицияларының көлемі 41651,8 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 5,9 пайызға көп, деп қала статистика комитеті хабарлады.

Астананың республикалық көлемдегі үлесі 6,9%-ды құрады.

Инвестициялардың басым үлесі жекеменшік нысандағы кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 84,2%-ын құрайды.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты 4,4%-ды, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты 74,6%-ды, банк кредиттері 3,2%-ды, басқа қарыз қаражаттары 17,8%-ды құрайды.

Похожие материалы