Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz - 2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана - Щучинск ақылы автожолында 1 млрд 539 млн теңге жиналды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
2018 жылы көлік құралдары ағынының қарқындылығы 2 809 993 бірлікті құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 1,9% - ға артты. Алдын ала төлем бойынша алымдар да 116,6% - ға өсті. Алдын ала төлем бойынша 139 611 транзакция жүргізілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Жол бойындағы сервисті жақсарту үшін 2018 жылы трассада KazWay сервисінің 5 павильоны орнатылды. Компания мамандарының айтуынша, төлем жасауға барлығы бірдей дайын емес. Кейбір азаматтар құрылғылардан мемлекеттік нөмірін жасырып, тіпті жалған нөмірлер орнатады. 2018 жылғы бірнеше айда тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 21 хаттама толтырды. Иелері жүргізу құқығынан айырылған бес көлік айып тұрағына жеткізілді. Ұрланған нөмірлерді қолданғандардың да үстінен қылмыстық іс қозғалңан. Екі жүргізуші «ҚазАвтоЖол» бөлімшесіне 1 020 000 теңге қарыз төледі. Айта кетейік, осы айдың соңына дейін Қазақстанда тағы үш ақылы жол іске қосылуы тиіс.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024