Астана. 26 тамыз. 7kun.kz - Астана әуежайының қызметкері шекарадан 35 миллион теңгенің құйма алтынын алып өткен. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады.
"Бағалы металл контрабандасының кезекті дерегі тіркелді. Бұл жолы Астана әуежайында 35 миллион теңге шамасындағы бағалы металл алып өтпек болғандардың жолы кесілді. 23 тамызда Астана - Ыстамбұл хабарламасындағы халықаралық рейсіне жолаушылар мен жүк тіркеуі кезінде ҰҚК қызметкерлері Қазақстаннан Түрік Республикасына жалпы салмағы 4 келі 900 грамм болатын сынамасы 950-996 алтын кесегі түріндегі контрабандалық тауарды алып өту әрекетінің жолы кесілді", - делінген таралған хабарламада.
Қылмысты әуежай қызметкері жасағаны айтылады, ол ішкі белбеуінде контрабанда заттарын кеден бақылау мен тіркеу аймағы арқылы шекарадан алып өткен. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Дереккөз: tengrinews.kz
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024