«Орын алған жағдай үшін Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі Г.Головкиннен кешірім өтінеді», — делінген әуежайдың баспасөз баянында.
Жолаушылар мен VIP залдағы жүктерге байланысты қызмет көрсету бойынша басшылықтың талаптарын орындамағаны үшін әуежай қызметкерлеріне тәртіп жазасы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, "Астана" әуежайының қызмерткері Головкинге VIP залға ақшасын төлемей тұрып өтуге болмайды, шенеунік немесе соның отбасы мүшесі болуыңыз шарт деп шу шығарған еді. Оның бұл қылығын сол жерде болғанның барлығы жақтырмады.
"Сол VIP залда қызметкерлер спортшымен суретке түскен еді. Қарсы алатындарға ақысын төлейтін кассаларға жақындауға тыйым салынған. Сол себепті төлемді сол қызметкерге жасауға мәжбүр болған. Шу шығарғанымен қоймай, өзіне тиесілі жұмысты да дұрыс атқармаған. Түбіртекті талап еткен соң барып берген», — деп жазылған хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024