Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz — 1 қазаннан бастап Астана әуежайындағы такси қызметінің бағасы арзандайды. Бұл туралы қала әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.
«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайынан алғашқы үш шақырым 1000 теңгені құрайтын болады. Әуежайдан қалаға дейінгі үш шақырым қашықтықтан асатын тасымал қымбат болады. Әрі қарай әр шақырым үшін 100 теңге қосылып отырады.
Қала бойынша ең төменгі тариф – 500 теңге. «Нұрлы жол» темір жол вокзалындағы баға 700 теңгені құрайды.
«Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай нөмірі бар чат-тобы іске қосылды. «Astana Taxi» бірыңғай такси қызметінің жұмысына қатысты өтініш пен шағым білдіргісі келген жолаушылар 8-700-555-76-07 нөміріне жаза алады», - деді Астана жолаушылар қауымдастығының атқарушы директоры Сәкен Ханхожин.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024