Астана. 23 мамыр. 7kun.kz - Уәкілетті органдардың алдын ала ақпаратына сәйкес, Астанада бір пәтерде 30-дан 2,5 мың адамға дейін тіркелген ондаған баспана анықталды. Полицейлер қазіргі уақытта аталған пәтерлерді аралап жүр.
"Астанадағы қауіпсіздік пен жайлылық" жобасы шеңберінде Астана әкімдігі мен құқық қорғау органдары "созылмалы пәтерлермен" күресудің тетігі әзірлеген.
“Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБК-нің 493-бабы бойынша 88 пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, пәтер иелерінің өтініші бойынша 4 135 жуық адам тіркеуден шығарылды, олардың арасында шетел азаматтары да бар”, — деп атап хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тіркеуден шығарылған азаматтар үшін бұл жағдай кейбір мемлекеттік қызмет түрі мен мемлекеттік тұрғын-үй алуға қиындық тудырады.
Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша қаланың коммуналдық қызметтері “созылмалы пәтерлердегі” қызмет құнын қайта есептеп жатыр. Осыған байланысты прокуратура қала қонақтарынан заң талаптарын бұзбауды және “созылмалы пәтерлерге” тіркейтін заңсыз қызметтерді жүзеге асыратын күмәнді адамдардың көмегіне жүгінбеуді, ал қала тұрғындарын тіркеу деректерін тұрғылықты жері бойынша сәйкестендіруді сұрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024