Экономика
Регионы
Астанада 6 жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылады
2015 жылы индустрияландыру картасы аясында Астанада 6 жаңа өндірістік кәсіпорын іске қосылады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін Астана қалалық әкімдігі мен ұлтық компаниялар арасындағы өзара әріптестік туралы меморандумдарға қол қою барысында қала басшысы Әділбек Жақсыбеков айтты.
«2014 жылы Астана қаласында 19 мың жұмыс орны ашылған. Олардың 13 мыңы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына тиесілі. Индустрияландыру картасы аясында Астанада барлығы 167,8 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылса, 2015 жылы 6 жаңа өндірістік кәсіпорын ашу жоспарлануда. Нәтижесінде ел астанасында 2 мың жұмыс орны құрылады», - деп атап өтті қала басшысы.
Ә. Жақсыбековтің айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астанада 8 мың жұмыс орнын сақтауға, одан бөлек 4 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туған.