Қаңтарда жұмысын бастап, шілдеде халықаралық таныстырылымы өткен Астана халықаралық қаржы орталығы ашылмай тұрып-ақ мұнда ағылшын құқығы салтанат құратыны белгілі болған.
Қарапайым халық Қазақстанға ағылшын заңы не керек десіп, түсінбегені анық. Мұндағы мәселе біреу-ақ, Қазақстанға шетелдік алпауыт инвесторлар келуі керек. Егерде олармен Қазақстан Үкіметі, болмаса басқа бір компаниялармен кикілжің туындаса, Астана қаржы орталығының аясында бейтарап ағылшынның заңымен шешілуі керек. Қазақстан өзіне бұра тартады деген күмән тумас үшін бұл маңызды. Осы үшін Қазақстанның Конституциясына өзгеріс енді. Кейбір заңгерлер «бұл бұрыс» дегенімен Конституциялық кеңес «дұрыс»,- деді. Осылайша АХҚО-да ағылшын құқығы іске қосылды. Бұл Н.Назарбаев 2015 жылғы «100 нақты қадам» бағдарламасындағы қадамның бірі. Мұндағы қадамның бірі –орталықтағы қолданыс тілі ретінде ағылшын тілін де енгізу. Бұл да сотпен қатар жүзеге асуда.
Ағылшын құқығына қатысты қоғам түсінбей жүрген сұрақтың тағы бірі – ағылшын заңы Қазақстан заңымен бірге жүре ме? Мысалы қарапайым адам немесе кәсіпкер қылмыстық істі аудан, облыс, Жоғары Соттан да арыға апарғысы келсе Қаржы орталығындағы ағылшын құқығымен жұмыс істейтін сотқа шағымдана ала ма? Түсіндіріп көрейік. Иә, қарапайым Қазақстан азаматы әрі кәсіпкер бұл сотқа шағымдана алады. БІрақ, ол үшін қаржы орталығының резиденті болуы керек. Яғни, қызметі орталыққа тіркелуі керек. Сонда ол қызметіндегі дау-шарды ағылшын құқығымен қарастыра алады. Ал тіркелуге тек заңды тұлғалардың құқығы бар.
Ағылшын құқығы «Астана» халықаралық қаржы орталығының аясында ғана жүреді. Қылмыстық, әкімшілік істі қарастыра алмайды. Тек азаматтық және коммерциялық дауларды қарауға құқылы. Қысқасы Қазақстан заңымен, қарапайым халыққа қатысы жоқ. Бірақ, заңды тұлғаға қатысы бар. Қаржы орталығының бұған қатысты ережесінде «сот Қаржы орталығының ішкі дауларын, Қаржы орталығының аясында жүзеге асқан кез-келген операция мен тараптардың келісімімен Қаржы орталығы сотына берілген дауларды қарастырады» делінген. Демек қазақстандық екі компания Қаржы орталығы сотында шешкісі келсе, оған ешкім қарсы болмайды. Алайда, әдетте мұндай орталықтарда даулардың жиі қарастырылатынын және сотта қарағаны қомақты қаражат төлеуі керегін ескерсек, қазақстандық сотта қарау әлдеқайда жеңіл көрінеді. Ал инвестор ретінде келген шетелдік компаниялар үшін бұл заңның әділдігіне берілген кепілдік. Бұл барынша сақталуы тиіс. Өйткені АХҚО қызметінің арқасында алдағы 10 жылда Астана әлемдегі ТОП-20-лыққа кіретін қаржы орталықтарының қатырына кіріп, 40 млрд доллар капитал тартуы тиіс. Бұл үшін әділдік барынша керек-ақ. Ал әділдікке кепілдік - Астанадағы ағылшын соты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024